Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Республикалық халықтық штаб мүшелері Шиелі ауданындағы арнайы іс-сапары барысында аудан теміржолшыларымен кездесті.


Бұл кездесуге АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшелері Мұрат Әбенов, Мақсұт Нәлібаев, Балжан Шәменова, Мұхиджан Кәрімбаев, Бақытжан Абдикаримов, Назерке Талғатова, Дәулет Жұмбеков және аудандық штаб мүшелері қатысты.
Басқосуда Мұрат Әбенов еліміз үшін тарихи әрі маңызды оқиғаның жақындап келе жатқанын айтып, кәсіпорын қызметкерлерін жалпыхалықтық референдумда белсенділік танытуға шақырды.
«АЭС салу елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мен экономикалық дамуына оң әсер ететіні анық. Сондай-ақ, төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектеседі. Сондықтан елдің болашағы үшін әрбір азамат осы референдумда белсенді түрде қатысып, өз ойын білдіру керек деп ойлаймын», - деді Мұрат Әбенов.
Сонымен қатыр, штаб мүшесі Назерке Талғатова Мемлекет тағдырына қатысты кез келген маңызды шешім халықтың қатысуымен және оның пікірін ескере отырып қабылданады. Президентіміз ұстанған саясаттың бұлжымас қағидасы – осы. Бұл – біздің қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптасқанының көрінісі. Біз әр қадамды нық басып, реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз. Түпкі мақсат – оны әр азамат, әр отбасы сезінуге тиіс, – деді ол.
Қазіргі уақытта елдің көп бөлігін көмір станциялары электр қуатымен қамтамасыз етеді. Олардың қаупі 80 есе жоғары. Атом электр станциясының құрылысы МАГАТЭ халықаралық агенттігінің қатаң бақылауында болатынын халық қалаулысы Бақытжан Абдикаримов егжей-тегжейлі айтып өтті.
Жиын соңында теміржолшылар ұсыныс-пірірлерін айтып, қолдайтындарын жеткізді.
20 қыркүйек 2024 ж. 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031