Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АУДАН АҚСАҚАЛДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АУДАН АҚСАҚАЛДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшелері Мұрат Әбенов, Мақсұт Нәлібаев, Балжан Шәменова, Мұхиджан Кәрімбаев, Бақытжан Абдикаримов, Назерке Талғатова, Дәулет Жұмбеков Шиелі ауданының ақсақалдарымен кездесті.


Алдағы онжылдықтарда энергетика саласында жағдай күрделенуі мүмкін. Сондықтан проблеманы болдырмауды бүгіннен бастап қарастыру керек. Бұл туралы республикалық халықтық штабын бастап келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов мәлімдеді.
«Болашақта еліміз дамыған мемлекеттер қатарында болуы үшін АЭС ауадай қажет. Энергия экономикамыздың локомотиві болып табылады. Біздегі электр энергиясын тұтыну көлемі 2035 жылға қарай 152,4 млрд кВт/сағ болатыны болжанып отыр. Алайда қазіргі уақытта еліміздегі жұмыс істеп тұрған электр станциялары тек 135 млрд кВт/сағ электр энергиясын ғана қамтамасыз ете алады», - деді Мұрат Әбенов.
Штаб мүшелері еліміз электр қуатының тапшылығын сырттан келетін ағындармен жауып келе жатқанын жеткізді. Бұлай жалғаса берсе, энергетикалық тәуелділігімізді арттырып, аталған саладағы нарық қауіпсіздігіне қатер төнетінін түсіндірді.
Кездесуде ардагерлер толғандырған сауалдарын қойып, атом электр станциясының болашағына қатысты өз ойларын білдіріп, Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.
20 қыркүйек 2024 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031