Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшелері Мұрат Әбенов, Мақсұт Нәлібаев, Балжан Шәменова, Мұхиджан Кәрімбаев, Бақытжан Абдикаримов, Назерке Талғатова, Дәулет Жұмбеков мәдениет және өнер саласы қызметкерлерімен кездесті.


Кездесуде атом электр станциясының құрылысы және оның ел экономикасы мен экологиясына тигізетін ықпалы туралы қатысушылармен пікір алмасты.
Жиында АЭС құрылысы еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге қалай әсер ететіні кеңінен талқыланды.
Республикалық штабтың басты мақсаты – АЭС құрылысының қаншалықты маңызды екенін түсіндіру, тұрғындар арасындағы үрей мен күмәнді сейілту. Бүгінде энергетикалық тәуелсіздік – еліміз үшін ең күрделі мәселелердің бірі.
«АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл –ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экоглогиялық таза жоба, сонымен қатар жкономикалық тиімді» - деп атап өтті Халықтық штаб мүшесі Мұрат Әбенов.
«Осы күні мемлекетіміз электр қуаты тапшылығын сезініп, оны көршілес елдерден импорттауға мәжбүр болып отыр. Инвестициялық жобалар тоқтап тұр. Себебі жарияланған жобалар бойынша тапшылық көлемі 8ГВт құрайды. Яғни, бұл проблема ертерек шешілуі керек еді. Әлі де кеш емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешім», – деді штаб мүшесі Балжан Шәменова.
Пікір алмасу барысында қатысушылар көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін айтып, қолдайтындарын жеткізді.
20 қыркүйек 2024 ж. 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031