Алматыда шетелге оқуға кететін курсанттар әскери ант берді

Институт бастығының бірінші орынбасары полковник Ержан Қабышев курсанттарды маңызды оқиғамен құттықтады. Сәт-сапар сөзінде ол осы оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, курсанттарға оқуда сәттілік, қиындықтарды жеңуде табандылық және әскери борышты орындауда адалдық тіледі.
Ант беру – менің Отан алдындағы борышымды адал орындау деген сөз. Қазақстаннан келген курсант атағын абыроймен алып жүруге бел будым, – деді Тверьдегі Әуе-ғарыштық қорғаныс әскери академиясына түскен курсант Абдулазиз Мұсажан.
Курсанттар үшін бұл күн әскери қызметтің бастамасы ғана емес, алдағы өзгерістердің белгісі болды. Жастар елімізді көркейту үшін шетелдің әскери оқу орындарында білім алатын болады