Әскери қызметшілердің жалақысы өседі
Кеше
Алматыда әскери қызмет ардагерлерімен кездескен Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов сала қызметшілерінің жалақысына қатысты жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомство мәліметінше, кездесу барысында министр 2023 жылдан бастап ұшу құрамының лауазымдық жалақысы көтерілетіндігін атап өткен. Әскери медицина қызметкерлері мен әскери жоғары оқу орындарының азаматтық оқытушыларының ақшалай үлесін азаматтық бейіндегі мекемелердің жалақы деңгейіне дейін арттыру мүмкіндігі де қарастырылып жатқанын айтқан.
«2023 жылдың ішінде ІІМ Ұлттық ұланы сияқты төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде әскери қызметшілерге үш еселенген ақшалай қаражат мөлшерінде төлемді арттыру да көзделген. Қорғаныс ведомствосының басшысы 2024 жылдан бастап қатардағы жауынгерлер мен сержанттық құрамдар лауазымдарының тарифтік санаттарын және әскери атағы бойынша әскери қызметшілердің жалақыларын 30 пайызға арттыру жоспарланғанын алға тартты», – деп атап өтеді министрліктен.