Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Борышыңды өтеу – адамдық

Борышыңды өтеу – адамдық


Шиелі ауданының қорғаныс істер жөніндегі орынбасары, подполковник Ғалымжан Факирдинов көктемгі әскерге шақыру науқаны бойынша атқарылып жатқан жұмыстар аясында брифинг өткізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 ақпандағы №840 Жарлығына сәйкес, Шиелі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 ақпандағы «2019 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру туралы» № 365-ші қаулысына сәйкес Шиелі ауданы бойынша 2019 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде.
2018 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысында Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен ауданға 90 адамға тапсырыс беріліп, жүз пайыз орындалған. Ал, күзгі мерзімді әскерге 97 адамға шақырту алынса, оны артығымен орындап 103 азаматты жіберген. Сондай-ақ, жас жігіттерді әскери қызметке іріктеу кезінде психологиялық тестілеуге айрықша маңыз беріледі. Болашақ сарбаздардың жеке істерімен танысу барысында комиссия өкілдері олардың білімі мамандықтарына, отбасылық жағдайларына, дене және әскери дайындықтарына, моральдық-іскерлік сапасына барынша мән беретін болады. Ал, жоғары білімді жастарға әскери салада тиімді мүмкіндіктер қарастырылған.
– Әскердегі қызмет кешегі бозбалалардан халқына адал, айбынды ер-азаматтарды тәрбиелеп шығарады. Әскери тұрмыс олардың өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, болашаққа бағыт-бағдар беретін, тәлімі мен тәрбиесі мол орта. Олар батылдық пен жігерлікті, қажыр-қайратты, ерлік пен елдікті, ең бастысы халқы мен Елбасына деген адалдық қасиеттерін бойына сіңдіріп, отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келеді, – дейді подполковник Ғалымжан Азизбекұлы.
Ал, денсаулығы жарамды болса да әскерге бармай қалған 24-27 жас аралығындағы жастар 40 күндік әскери-техникалық мектепте оқуға мүмкіндігі бар. Әскерге барып келген азаматтар келісімшарт бойынша әскери қызметке тұра алады. Биылғы көктемгі мерзімді әскерге 105 адамды жіберу жоспарланып отыр. Алғашқы легі жуырда Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.

Ж.Қауғанбаева.
20 сәуір 2019 ж. 2 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031