Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскери дипломаттар Қазақстанның әскери-ұшу институтында болды

Әскери дипломаттар Қазақстанның әскери-ұшу институтында болды

BAQ.KZ. Қазақстанда тіркелген әскери-дипломатиялық корпустың делегациясы, Ақтөбе қаласындағы Әскери әуе күштері Әскери институтына ресми сапармен барды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінен хабарлады.

Әзірбайжан, Армения, Маңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Түркіменстан, Түркия, Укранина, Франция және Жапония елдерінің әскери атташелері авиациялық қару-жарақтардың техникалық эксплутация, әуе кемелері мен авиациялық қозғалтқыштардың құрылымдары кафедраларында, сондай-ақ оқу зертханаларында болды.

Әскери дипломаттар оқу-материалдық базаның жақсы қырларын, сондай-ақ жоғары санаттағы ұшу және инженерлік кафедралардың дайындығына әсер ететін әскери институттың оқытушы құрамының кәсіпқойлылығын атап өтті.

ҚР ҚМ халықаралық ынтымақтастық департаменті атап өткендей, аталмыш сапардың басты мақсаты – ұшқыш және авиациялық инженердің дайындығы мен оқытуына тәжірибе алмасу. Жалпы әскери білім саласындағы преспективті ынтымақтастық жоспары да қызығушылық тудырды.

Қазіргі таңда екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты Қазақстанды және Орталық Азиядағы әскери-көліктік, майдандық және армиялық авиациядағы ұшқыштарды, Қарулы Күштер үшін авиациялық мамандарды даярлайтын жалғыз жоғары әскери оқу мекемесі болып табылады.

Әскери ЖОО-ның түлектері – ұшу және инженерлік мамандықтардың офицерлері жыл сайын қазақстандық әскердік қатарын толықтыруда. Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында қазақстандық курсанттардан басқа, ҰҚШҰ бағдарламасымен Қырғызстан және Тәжікстан елінен курсанттарда білім алатыны айта кеткен жөн.
27 қыркүйек 2019 ж. 1 068 0