Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 296 БАЛАҒА «БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

296 БАЛАҒА «БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

“AMANAT” партиясының бастамасымен ағымдағы жылдың 15 - 25 тамызы аралығында республика бойынша кең көлемде «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы бастау алған болатын.  Осыған орай, партияның акцияға партияның аудандық филиалы да өз үлесін қосты.  Жаңа оқу жылының қарсаңында Шиелі аудандық партия филиалы “Бақытты отбасы” жобасы шеңберінде қолға алынып отырған «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырып өткізді.
Акцияға барысында бастауыш партия ұйымдарын қаржыландыруға бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 101 оқушыға оқуға керекті құрал-жабдықтар салынған сөмке табыстады. Сонымен қатар, аудандық фракция мүшелері, аудандық мәслихат депутаттарының демеушілігімен 195 көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-саймандары, сөмке, мектеп формасы сияқты заттар берілді. Акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларының жаңа оқу жылына 1 қыркүйек күні сабаққа баруына көмектесу болып табылады.


29 тамыз 2024 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031