Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ «БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

ШИЕЛІДЕ «БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жоба аясындағы дәстүрлі «Баланы мектепке даярлайық!» акциясына облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, «Авангард» Бастауыш партия ұйымының төрағасы, "Ақмая" шаруақожалығының төрағасы Дәулет Жұмбековте үлес қосты. Ол әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына арнап қаржылай 500 мың теңгені №49 мектебіне табыстады. Сонымен қатар, акция аясында партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова және фракция мүшесі Дәулет Жұмбеков балаларға ыстық ықыласын білдіріп, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Сондай-ақ, 10 оқушыға оқу құрал-жабдықтары салынған мектеп сөмкелерін табыстады. Акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу.

19 тамыз 2024 ж. 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

№53 (9420).

18 шілде 2026 ж.

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031