«БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ӨТУДЕ

Акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларының жаңа оқу жылына 1 қыркүйек күні сабаққа баруына көмектесу болып табылады. Акцияға аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Орынбайқызы бастауыш партия ұйымдарын қаржыландыруға бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 18 оқушыға оқуға керекті құрал-жабдықтар салынған сөмке табыстады. Акция аясында балаларға ыстық ықыласын білдіре отырып, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Өз кезегінде Акция аясындағы барлық шаралар аудандық фракция мүшелері мен партияластарымыз арасында жалғасатын болады.