876 АДАМ ДӘРІС АЛДЫ
Жақында 12-16 тамыз күндері ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Бәйгеқұм ауылдық округінің тұрғындарымен 5 күнге жалғасқан оқыту-семинары аяқталды. Оқу-семинарын қорытындылауға «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының консультанты Ерболат Мұхтаров пен Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімі Дәулет Абжапбаров, экономика және қаржы бөлімінің әдіскері Гульжазира Аяпова қатысып, оқуға қатысқан 89 тұрғынға семинарға қатысқандығын растайтын сертификаттарды табыстады. Айта кетейік аудан бойынша жыл аяғына дейін 1410 адамды оқыту жоспарланған болса, қазіргі таңда 876 адам оқытудан өтті. Ауыл тұрғындарына семинарды қаржы эксперті Айгүл Толекова өткізді. Жобаға қатысушылар жобаға қатыса отырып өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды, қаржыға қатысты проблемалық мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін хабардар болып, қаржылық білімдерін кеңейтті. Келесі кезектегі оқу-семинары Жөлек ауылында өткізілмек. Қатысуға ниеті бар азаматтарды тегін қаржылық сауаттылығын арттыруға шақырамыз.