Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ОҚЫТУ ЖАЛҒАСУДА

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ОҚЫТУ ЖАЛҒАСУДА

Шиелі ауданы Талаптан ауылдық окургі Бала би ауылында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқытудың кезекті аптасы басталды.  Шараға «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Баймұратова Жібек қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқу семинарынан Бала би ауылынан 50 адамға дәріс берілетін болады. Айта кетейік аудан бойынша жыл аяғына дейін 1010 адамды оқыту жоспарлануда.  Ауыл тұрғындарына семинарды қаржы эксперті Айгүл Тулекова өткізеді. Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында заңгердің көмегін алу мүмкіндігі бар.

07 тамыз 2024 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930