Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» - ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» - ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ

Бүгін Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылдық окургінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқытудың кезекті аптасы басталды.

Шараға «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова және Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімі Дәулет Абжапбаров қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту семинарында Бәйгеқұм ауылында 75 адамға дәріс берілетін болады.

Айта кетейік, аудан бойынша жыл аяғына дейін 1410 адамды оқыту жоспарлануда.
Қазіргі таңда 787 адамға дәріс беріліп, арнайы сертификат табысталды.

Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында заңгердің көмегін алу мүмкіндігі бар.

Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру сонымен қатар қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.

Ауыл тұрғындарына семинарды қаржы эксперті Айгүл Тулекова өткізеді.


12 тамыз 2024 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9236)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (9235)

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30