Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүлдесіз қайтқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлына жерлестері ат мінгізді

Жүлдесіз қайтқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлына жерлестері ат мінгізді

Жүлдесіз қайтқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлына жерлестері ат мінгіздіПариж Олимпиадасында 63,5 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлына жанкүйерлері жылқы сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Спортшы Instagram парақшасында сыйлықты ұсыну сәтін түсірген видеоны жариялады. Кадрларда боксшының атқа міну шеберлігін көрсеткені көрінеді.
«Жеңісімде де, жеңілісімде де қолдау білдірген достарыма алғысым шексіз. Алла қаласа, бұл тек бастамасы», деп жазды М.Базарбайұлы.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Парижде өткен Олимпиадада бокстан Қазақстан құрамасының сапында 63,5 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Спортшы ширек финалға шығып, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері грузиялық Лаша Гурулимен кездесті. Жекпе-жек грузин боксшысының жеңісімен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке Жамбыл облысынан 5 бөлмелі пәтер және Lexus LX 600 көлігі берілді. Қазақстанның үстел теннисі федерациясы спортшы Кирилл Герасименкоға Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйлады.

13 тамыз 2024 ж. 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30