Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдос Сметов өзінің алғашқы бапкеріне көлік сыйлады

Елдос Сметов өзінің алғашқы бапкеріне көлік сыйлады

Елдос Сметов өзінің алғашқы бапкеріне көлік сыйладыЕлдос Сметовке жерлестері Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейін көлік сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов туған жері Т. Рысқұлов ауданына ат басын бұрып, жерлестерінің зор құрметі мен қошеметіне бөленді. Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Ернар Есіркепов құттықтау сөз сөйледі. Олимп шыңын бағындырған Елдос Сметовке жерлестерінің атынан автокөлік мінгізіп (Haval М6), спортшының ата-анасы мен жеке бапкеріне құрмет көрсетті.
Елдос Сметов бұл сыйлықты алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлға тарту етіп, ұстазына алғысын білдірді. Сондай-ақ XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов сөз алып, құландықтардың зор құрметіне алғыс білдірді. Еске сала кетейік, Елдос Сметов Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрініп, ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Татами шебері 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс, 2020 жылы Токиода өткен төртжылдықтың басты додасында қола медальді еншіледі.

09 тамыз 2024 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031