Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫНДА ЖАСТАРҒА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫНДА ЖАСТАРҒА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін   12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай, Шиелі аудандық Мансап орталығы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастарды әлеуметтендіруге бағытталған «Мүмкіндіктер
алаңы» шарасы аясында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.

Шараға қатысқан аудан аудан әкімінің аппарат басшысы Ғалымжан Каримов жастарға жәрмеңкеде аудан көлеміндегі және аудан көлемінен тыс жерде орналасқан 19 жұмыс берушілерден 75 бос жұмыс орындары және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 6 жұмыс беруші 38 уақытша бос жұмыс орындарын ұсынылып отырғандығын айтты.

Әрі, осындай жәрмеңкелер арқылы «Мансап» орталығының көмегімен 960 жас азамат мемлекетік қолдау шараларымен, оның ішінде 399 азамат тұрақты жұмыспен және 561 жас азамат жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылғанына тоқталды. Сондай-ақ, бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысушы жастарға сәттілік тілеп, олардың қалауындағы жұмыс орындарына орналасуына тілеулес екендігін жеткізді.

Айта кетейік, бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 50-ден астам азамат қатысып, өздері қызығушылық танытқан бос орындар бойынша білікті мамандардан кеңес алды.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

09 тамыз 2024 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031