Елорданың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалды
Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елорда әлеуметтік-экономикалық даму саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгендігі туралы қала әкімдігінің ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмыспен қамту деңгейі, инвестиция көлемі және инфрақұрылымды дамыту сияқты барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалған.
Бірінші жартыжылдықтағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112% құраған. Өнеркәсіп саласында да айтарлықтай өсім байқалып, өнім көлемі 13,1 пайызға артып, 1 трлн теңгеден асқан, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім - 16,5%.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері 6,5 пайызға артып, 234 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
Инвестициялардың өсуі де байқалып, 13,2 пайызды құрап, 632 млрд теңгеге жеткен. Жеке инвестициялар 13,9 пайызға дейін өскен, аталған көрсеткіш – қаланың инвестициялық климатына деген сенімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Бөлшек тауар айналымының көлемі 1 трлн 114 млрд теңге, бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 7 пайызға көп.
Аталған көрсеткіштер Астананың дамуындағы оң үрдістерді көрсетіп отыр және одан әрі стратегиялық жоспарлау мен қаланың орнықты дамуы бойынша негізгі міндеттерді іске асыру үшін негіз болмақ.