Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасиетті айдағы сауапты іс

Қасиетті айдағы сауапты іс


Туған жерден түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басқан әрбір адам өсіп-өнген өлкесін ұмытпауы тиіс. Қолдан келсе, жақсы істің жанынан табылып, игі бастамаларға қолдау көрсету жаны жомарт қазақ халқының әрбіріне тән қасиет.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» – дегендей жуырда №152 Жөлек қазақ орта мектебін 1987-1998 жылдары тәмамдаған түлектер сол ауылдағы Шүленбай молда мешітіне ауыз су құбырларын тартып, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешіп берді. Алла алдындағы парызын орындап, бес уақыт намаз оқып, маңдайын сәждеге тигізген мұсылман қауымның көңілін марқайтқан сауапты іске ризашылық білдіргендердің де қарасы қалың. Ауыл азаматтары жомарттық танытып, қасиетті Рамазан айында мешітке кәріз жүйесін жүргізіп, жиылған жамағаттың сауабына кенелді.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЕВА,
арнаулы тілші.
23 мамыр 2018 ж. 1 064 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031