Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РАМАЗАНҒА ҚАДАМ БАСТЫҚ

РАМАЗАНҒА ҚАДАМ БАСТЫҚ



«Рамазан оразасы парыз, тарауих сүннет. Бұл айда ораза тұтып, түндерін ғибадатпен өткізгеннің күнәлары кешіріледі.» (Нәсаи)
Көзді ашып-жұмғанша рамазан айына да қадам бастық. Барша мұсылман қауым оразаға дайындалуда. Ендігі жерде қасиетті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) алғаш Құран аяттары түсіріле бастаған айды қалай өткізгеніміз абзал? Бұл айдың басқа айлардан қасиетті қандай?
Бұл айдың қадірін ораза ұстап, тарауиһ намазына қатысып, қара судың тәттілігін түсінгендер жақсы түсінеді. Рамазан айында жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Ал, парыз намаздарға келсек басқа айларда жасалатын бір парыз намаз осы айда жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ифтар беріп, ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі. Таңнан күн батқанға дейінгі ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бұйырады. Бұл айдың тағы бір ерекшелігі бұл айда тозақтың есігі жабылып, жәннаттың қақпалары ашылады.
Хадисте: «Адамзаттың барлық амалы өзі үшін, ал ұстаған оразасы Мен үшін, оның сауабын Өзім ғана білем, әжірін Өзім берем. Өйткені, ол Ме¬нің ризалығым үшін таң атқаннан күн батқанға дейін тағамнан, жеп-ішуден және жыныстық қатынастан бас тартты» – дейді. Бұл айда ораза ұстап, нәпсісін жүгендеп, игі амал жасағандарға сансыз сауаптар жазылады. Күнәлары кешіріледі. Сондықтан мұсылман қауымы берілген мүмкіндіктен айырылып қалмас үшін, ауызашар беріп, ауыз бекітіп, жақсылық жасаудан, зікір айтып, әр таңды ғибадатпен өткізуге тырысады. Ауызын тамақтан ғана емес, жаман сөздерден тыйады. Сол себепті рамазанда адамдардың ауызбіршілігі артып, көңілдер жайланады. Осы көпке белгілі мына оқиғаны мысал етейік.
Көкжиек баспасынан шыққан «Тағлым тамшылары» атты кітапта: Бір отқа табынушы бар еді. Сенімі басқа болса да, мұсылмандардың Рамазан айы мен ораза ұстауына ерекше құрметпен қарайтын. Рамазан айы келген тағы бір жылы әдетінше мұсылмандар ораза ұстап, мешіттерде тарауих намаз оқып, құлшылықтарын жасай бастайды.
Осы уақытта әлгі отқа табынушы көшеден өз баласының бір нәрсе жеп кетіп бара жатқанын көреді. Бұған қатты ашуланып, баласын үйіне апарып, сазайын береді. «Мұсылмандардың қасиетті айын неге құрметтемейсің? Олардың күндізгі уақыттарда ауыз бекітіп, ештеңе жемейтінін білмейсің бе? Әдейі мазақ еткендей көшеде тамақ жегенің не?!» – деп ұрсады.
Уақыты жеткенде әлгі мәжуси қайтыс болады. Кейіннен мұсылман әулие кісілердің бірі оны түсінде көреді. Бір ғажабы, ол жұмақта жүр екен. Одан: «Сен отқа табынатын едің ғой. Жұмаққа қалай бардың?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Иә, өзің білетіндей мен отқа табынатынмын. Бірақ өмір бойы мұсылмандардың қасиетті Рамазан айына, ұстаған оразаларына құрметпен қарап өттім. Қайтыс боларымда тосыннан «Әй, періштелерім! Рамазан айын құрметтегені үшін Мен бұл құлыма иман нәсіп етпекпін. Оның жанын мұсылман ретінде алыңдар, өзін мұсылмандар қатарына тізімдеңдер» деген дауыс естідім», – деп түсіндіреді.
Иә, қасиетті айда қолына ішімдік ұстап, аузы құрғағандардың көзін қызықтырып су ұстағандарды көріп жүрміз. Бұл мысалды келтірудегі мақсатымыз бұл айда барынша өзімізді тыйып, харам дүниелерден аулақ болғанымыз абзал.
Хадисте: «Рамазан айы мүбәрәк ай. Аллаһу тағала сендерге Рамазан оразасын парыз етті. Ол айда рахмет (мейірім) есіктері ашылады, жаһаннам есіктері жабылады, шайтандар байланады. Ол айда мың айдан да құнды бір түн бар. Ол түннің (Қадір түнінің) жақсылығынан мақрұм қалған адам, бар жақсылықтан мақрұм қалды деп саналады».
Кім біледі? Алла тағаланың мейірімінде шек жоқ емес пе? Кешірім айында кешірілгендер қатарына қосылуға неге тырыспасқа? Оразаларыңыз қабыл, мұраттарыңыз асыл болғай!

Ерұлан ДАТКЕНОВ.
16 мамыр 2018 ж. 2 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930