БУРХАН АБДУЛХӘКІМ: ОРАЗАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ОН ПАЙДАСЫ
Көзді ашып жұмғанша 12 айдың ішіндегі ең қасиеттісі Рамазан айы да келіп қалды. Бұл айда күннің аптапты ыстығына, жұмыстың қаптауына қарамастан күллі мұсылмандар ауыз бекітіп Алланың алдындағы парызын өтеуге кіріседі. Жаратушы Иеміз бір істі құлдарына парыз етсе онда ол нәрседе пенде үшін екі дүниеде де пайда болатыны сөзсіз. Исламның бес тірегінің бірі ораза да солай. Оның қасиеттері, шарапаты туралы, сондай-ақ ауыз бекітушінің шексіз сауаптарға кенелетіні жайлы Құран аяттары мен пайғамбар (с.ғ.с) хадистерінен оқып, имамдар ауыздарынан естіп жүрміз. Бұл – оразаның адамға әкелетін рухани пайдасы. Бірақ, бұл мақалада біз ауыз бекітудің рухани емес адам денсаулығына әкелетін дүниелік пайдасы туралы әңгіме қозғағанды жөн көріп отырмыз.
Біріншіден, қазіргі медициналық ізденістердің нәтижесінде ораза тұрғысында үш нәрсені айтуға болады:
1. Ораза – ішіп-жеуден тоқталатын жәй ғана діни жоралғы ғана емес сондай-ақ, оның адам денсаулығына зор пайдасы бар екені қазіргі таңда дәлелденіп отыр;
2. Ораза – адам толыққанды өмір сүру қалпын ұстап тұруы үшін маңызды процесс;
3. Ораза – адамға тамақ жеу, тыныс алу, ұйқы, іс-қимыл сияқты адам организміне өмірлік маңызы бар құбылыстардың бірі болып табылады. Егер адам ұзақ мерзімге ұйқыдан не тамақ жеуден тыйылса денсаулығына зақым келіп, дертке шалдығатыны секілді адам ораза ұстамаса ағзаларына зиян келетіні анықталып отыр.
Ендігі кезекте оразаның оң қасиеттерінің онына жеке-жеке тоқталайық.
1. Жасушалар жаңарып ескілері жойылады
Ораза – адам организміндегі қажетінен артық және ескі жасушаларды жоюшы қызметін атқарады. Оразаның тәртібі бойынша адам жылына бір ай толығымен ауыз бекітеді. Күніне кем дегенде 14 сағат жеп-ішуден тыйылып, одан кейін бірнеше сағатқа ауызын ашып әл жинап алу қажет. Бұл – адам ағзасындағы жасуларды жандандырып, керек еместерін жою процессіне қажет уақытқа дәлме-дәл келеді. Адам қарны ашқан кезде әлсіз жасушалар өздігінен жойылып, аштыққа қарсы тұру үшін адамның ішкі организмдері белсенділікпен жұмыс істейді. Осы сәтте адам ағзаларының белсенділігі артып, өміршеңдігі күшейе түседі. Сондай-ақ ораза адам организімін тас, артық ет, май мөлшері сияқты зиянды заттардан арылтады
2. «Қант» ауруына тосқауыл болады
Ораза тұту – қандағы қант үлесін барынша төмен мөлшерге түсіруге үлкен септігін тигізеді. Себебі, ораза ұстаған кезде адамның ұйқы безі дем алады. Ұйқы безі қантты крахмалды заттар мен майларға айналдыратын инсулин бөледі. Егер адам ұйқы безінің шығаратын инсулинен артық мөлшерде тамақ жейтін болса онда бұл ұйқы безіне ауыр тиіп жұмыс істеу белсенділігін төмендетеді. Осылай жалғаса берсе ұйқы безі өз функциясын атқарудан қалады. Осы уақытта адам бойындағы қант қанға тарай бастайды да оның қандағы құрамы бірте-бірте көбейіп адам қант ауруына шалдығады. Қазіргі әлемнің біраз жерінде қант дертіне шалдыққан адамдарды ораза тұту арқылы емдеу етек алуда. Ауыз бекіту арқылы қант аруын емдеу процесі былай жүреді: пациент үш апта бойы күніне (қанындағы қанттың мөлшеріне байланысты) күніне 10 сағатпен 20 сағат арасында ауыз бекітеді. Одан кейін ауыз ашқан кезде жеңіл тамақтармен қоректенеді. Бұл химиялық дәрі-дәрмектерді қолданбай қант ауруын емдеудегі өте ұтымды жол екенін медицина дәлелдеп отыр.
Француз биологы, ішкі ағзалар бойынша білікті дәрігер болған, Нобель сыйлығының лауреаты Алексис Каррель өзінің «Белгісіз адам» деген еңбегінде былай дейді: «Адамдар барлық ғасырларда ораза тұтқан. Сондай-ақ барлық діндер тамақ-судан тыйылып ауыз бекітуге шақырудан ешқашан тыйылған емес. Адам ауыз бекіткенде ең бірінші аштық, одан соң денеде әлсіздік сезінеді. Кейде осының әсерінен адам қобалжуы да мүмкін. Бұл сыртқы болып жатқан жағдайлар, бірақ ішкі организмде құбылыстар бұған қарағанда маңыздырақ. Осы сәтте бүйректегі қант қимылдайды, онымен бірге терінің астында сақталған майлар да қимылдап ериді. Ішкі ағзалар мен жүрек бір қалыпты жұмыс істеуі үшін барлық организм өзіндегі сақталған қордан қажетті энергия жұмсай бастайды. Бұл – болашақта адам организмінің жақсы жұмыс істеуімен қамтамасыз етеді». Каррель айтып отырған тамақтан белгілі бір мерзімге тыйылып, ауыз бекіту – мұсылмандардың оразаса тұту үлгісіне толықтай келетін айта кеткен жөн.
3. Артық салмақтан арылуға әсерін тигізеді
Егер ораза ұстаушы ауыз ашқаннан кейін жейтін тамақ мөлшеріне шектеу қойып, дұрыс режиммен жүрсе бойдағы артық салмақтан арылуға ораза таптырмайтын әдіс. Яғни, адам ұзаққа уақытқа қарны аш жүріп бірден ауыз ашқан кезде тамақ пен сусындарға тойып алмағаны жөн. Себебі бұл керісінше салмақтың көбеюіне әкеп соғады. Алла елшісі (с.а.с) ауыз ашар кезде тек бірнеше құрмалардан дәм тартып, аз ғана су ішіп ақшам намазына тұратын. Пайғамбарымыздың (с.а.с) осы бір әдеті бәрімізге үлгі бола алады. Себебі құрманың құрамында қант бар, ал қант қан құрамына тез тарайды сол себепті адам аузын құрмамен ашатын болса бірден тоқшылықты сезінеді. Сонымен қатар құрма адам ағзалары қалыпты жұмыс істеу үшін қажетті энергиямен қамтамасыз етеді.
Көп адамдар күні бойы тамақтан тыйылып ауыз ашқаннан кейін бірден ауыр, майлы тамақтарды, көкеністерді жеп бастайды. Бұл тағамдарды асқазан қорытуы ұзақ уақыт алады. Ағза асқазанға түскен тамақтан өзіне керек энергиясын алып ол қантқа айналуы себебінен адам тоқшылықты сезінеді. Бірақ кісі бәрібір өзін аш сезініп тамақтың үстіне тамақты жей береді, сөйтіп организміне қажетті энергияны мөлшерінен асырып жібереді. Осылайша ораза ұстау өзінің қасиеттерінің бірін жоғалтып, адам артық салмақ қосып семіздікке ұшырайды. Әрине Алла шариғатының бізге қалағаны бұл емес.
4. Тері ауруларына пайдасы
Ауыз бекітудің тері ауруларымен күресуде пайдалы әсері бар. Себебі адам ораза тұтқан кезде қандағы су мөлшері азаяды, яғни терідегі су құрамы да кемиді деген сөз. Бұл – терінің қуаттылығын арттырып, зиянды микроптар мен бактерияларға қарсы тұруға көмектеседі. Сондай-ақ қышыма аурының адам денесіне әрі қарай таралуын тоқтатып, терінің майлануы мен аллергиядан жазылуға да оң әсерін тигізеді.
5. Тұз байлану аруына пайдасы
Бұл дерт көп тамақтанудан әсіресе еттен жасалған өнімдермен көп қоректенуден пайда болады. Сондай-ақ адам шамасынан тыс тамақ жегенде бұлшық еттердегі протейн құрамы тым көбейіп, бұзыла бастайды. Бұл адам буындарына әсіресе аяқтағы үлкен бармаққа несеп қышқылының жиналуына әкеп соғады. Адам тұз байлану ауруына шалдыққан кезде әлгі буындар ісіп, қызарады да ауырта бастайды. Сондай-ақ қандағы несеп тұзының мөлшері көбейіп ол бүйрекке жиналып, тұнады. Бұл процесс ақырында бүйректе тас пайда болуына әкеп соғады. Сондықтан тамақ пен судан тыйылып біраз уақытта ауыз бекіту бұл дертті емдеудегі ұтымды жол.
6. Қан қоюлануың алдын алады
Көптеген мұсылман және мұсылман емес ғалымдары ауыз бекітудің денедегі майдың құрамын азайтумен қатар холестерин мөлшерін де бәсеңдететінін жарыса айтады. Холестерин дегеніміз ол – қан тамырларына тұнатын зат. Денедегі майдың құрамы көбеген сайын холестерин мөлшері де ұлғаяды. Бұның арты артериосклероз (қан тамырларының майлануы) дертіне және жүрек пен мидағы қанның қоюлануына әкеп соғады.
Иә, Алла Тағаланың «Білсеңдер, ораза ұстағандарың өздеріңе жақсы» деген аятын естігенде таң қалудың қажеті жоқ. Біздер тамақты тым көп жеп өзіміздің денсаулығымызға залал келтіріп жатамыз. Егер біз Алла шариғаты мен пайғамбар (с.а.с) жолын ұстанып тамақ көп жеуден тыйылып, айына кем дегенде үш күн ораза тұтып жүретін болсақ бұл дерттерге шалдығу ықтималы бәсеңдей түсетіні анық.
7. Адам ағзаларын улы заттардан тазартады
Қазіргі кезде тағам өнімдерін ұзақ мерзімге сақтау үшін құрамына химиялық қоспалар қосылатынын баршамыз білеміз. Бұл өнімдер адам асқазанына түскен кезде улы заттарға айналып денедегі майдың ішіне сақталып қалады. Адам ұзақ уақыт тамақтан тыйылуы әлгі майдағы улы заттардың еруіне әкеледі. Оған қоса адам организімін улы заттардан қорғауға жауапты бүйрек, бауыр сияқты ағзаларға өз фунцияларын атқаруға көмектеседі. Сондай-ақ ауыз бекіту кезінде дұрыс тамақтанып, артық тағамнан бас тартатын болса бұл организмның иммунитетін күшейтеді.
Макфон деген америкалық дәрігер былай дейді: «Барлық адам тіпті ауру болмаса да ораза ұстауға мұқтаж. Себебі қазіргі тағам өнімдерінің улары адам бойына сіңіп қалады. Бұл адамдың организмінің белсенділігін тежеп, бойына ауырлық салып өзін ауру сияқты сезінуге апарады. Ал адам ауыз бекіткен кезде әлгі улы қалдықтар адам бойынан жойылып, ағзалар тазаланады. Бойындағы аштық кезінде жойылған жасушалар ораза ұстап болғаннан кейін 20 күнге жетпей қайта жаңарады. Денедегі улы қалдықтар кетіп, жасулар жаңарған соң адам өзін жеңіл сезініп, қуатқа ие болады».
8. Ас қорыту жүйесі дем алады
Ауыз бекіту – ас қорыту жүйесінің дем алуына мүмкіндік береді. Дегенмен адам организімі өзінің табиғи функцияларын атқарады және тамақ қорытуға арналған сөл әдеттегіден аз мөлшерден бөлінгенімен сөл бөлу процессі қалыпты жағдайда өз қызметін атқара береді. Бұл адамның сөл бөлу жүйесін жақсартып, бір қалыпқа түсіреді. Бірақ бір ескерте кететін жәйт ораза ұстаған кезде асқазан қышқылдық бөлуді тоқтатпайды. Яғни, асқазанында жарасы бар адам ауыз бекіту кезінде абай болуы қажет.
9. Жағымсыз тәуелділіктерден арылу
Жағымсыз тәуелділіктер десе алдымен көз алдымызға түтіні бұрқыраған темекі келетіні хақ. Өкінішке орай оған тәуелділіктен жәй адамдарды айтпағанда бес уақыт намазын оқып жүрген бауырларымыздың арасында да зардап шегіп жүргендер бар. Сондай кісілер үшін рамазан айы – арам әдеттен арылуға таптырмайтын кезең. Себебі басқа күндері «темекіні тастаймын» деп өзіңізге уәде беріп артынан нәпсі құрғырдың айтқанына ілесіп кеткеніңізбен, оразаның уақтында Алладан қорқыныш бұдан сізді иншалла қайтарады. Әрине қазіргі заманда тәуілділіктің түр-түрі көбейіп кетті. Бұлардан арылу алдымен адамның өзіне байланысты. Оразаның күнінде тоқтатып, түнінде қайта бастауы да мүмкін. Бірақ біліп қойыңыз, Рамазан айы тек ауыз бекітіп қана қоймай сондай-ақ жаман сөздерден, ұсқынсыз әдеттерден, жағымсыз тәуелділіктерден айырылуға көмектесетін мүмкіндік айы. Арыла алмай жүрген тәуелділіктеріңіз болса мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
10. Қан қысымын түсіру мен бас ауруына пайдасы
Ауыз бекіту – қан қысымын түсіруге және қанның қоюлануы қаупін азайтуға бағытталған табиғи жол. Өйткені адам ұзақ уақытқа тамақтан тыйылған кезде бойға қажетті энергияны жеткізу үшін организм денедегі маймен қоса глюкозаны жаға бастайды. Сондай-ақ адам бойындағы тамақ құрамы және адреналин сияқты гормондар азаяды. Бұның бәрі бойдағы қан қысымының түсуіне әкеледі.
Ағайын, қарап отырсақ Алла Тағала бізге ораза ұстауға әмір беру арқылы тек Ақыретімізді емес осы дүниеде де деніміз сау болып жүрумізді қалаған екен. Расында бізге Жаратушымыздай мейірімділікті, шапағатты ешкім көрсете алмайды. Ендеше біз ауыз бекіту арқылы Ақыретімізге азық жинауымызбен қатар осы дүниеде озады екенбіз. Алла ұстаған оразаларыңызды қабыл қылсын!