Шыбынның қанатындағы шипа
Алла жаратқан әрбір тіршілік иесінің ақ пен қарасы, жақсы мен жаман қасиеті қатар жүреді. Бір адам қолымен екінші жанды жараласа, екінші адамның қолы сол жарақатты емдейді. Бұл қарапайым ғана мысал. Тіпті, Мұхаммед Пайғамбар (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Егер, сіздің ыдысыңызға бір шыбын түсіп кетсе оны түгелдей матырып алыңыз. Өйткені, оның бір қанатында кесел болса, шипасы – екінші қанатында» – деген екен. Осы орайда Ерлан Әлменнің қысқаша аудармасын әңгімеге арқау еткелі отырмыз.
– Бір атеист Пайғамбарымыздың (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жоғарыда айтылған сөзінен үзінді келтіре отырып: «Сіз – дәрігерсіз. Бірақ шыбынның қанатында қандай шипа болуы мүмкін?» деп кекесінмен сұрақ қояды. Өкінішке орай, ол кезде менің бүгінгідей білімім жоқ еді. Сондықтан: «Егер, Хадисте солай деп жазылса, онда шипа болуы тиіс. Себебі, мың жарым жылда Пайғамбардың (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) хадисінен ғылым ешқандай қателік тапқан емес» деп жауап бердім. Осы жақында ғана Құран мен Сүннеттің ғылыми негіздері туралы бір кітаптан мынандай дерекке кездестім:
1932 жылы Үндістанда безгек эпидемиясы лаулаған оттай тарай бастайды. Оның жойқындығы соншалықты, Үндістанның халқына түгел қырылып қалу қаупі туады. Бірақ дәрігерлер бір ғажапқа таң қалады. Шағын ғана ауылдың тұрғындары кеселден өздігімен айыға бастағанын көріп, ол жерге шұғыл арнайы комиссия жіберілді. Сөйтсе, тұрғындар шыбын түсіп жатқан ашық тұрған құдықтан су ішеді екен. Зерттеу барысында ол суда безгектің виброндары өздігінен өліп қалатыны белгілі болды. Сондай-ақ, суға түскен шыбынның бактериофаг бөлетіні анықталды. Яғни, бактериофаг та бактерия. Бірақ өзге бактерияны жеп тауысады. Бұл бактериофагтар жәй көзге ілінбейді, бар болғаны 20-25 микрон. Оны тек өте күшті, қазіргі заманғы микроскоппен ғана көре аласыз. Австралиядағы Маккуори университетінің профессоры Энди Битти бұл құбылысты жеке зерттеуге кірісті. Нәтижесінде, шыбынның ағзасында айналасының бәріне, микробтың кез-келген түріне қарсы әсер ететін мықты антибиотик бөлінетіні белгілі болды. Ол тіпті, шек құрттары мен «алтын түсті» стафилакокты жойып жібереді екен.
Осындай деректерге қанық болған соң, шыбынның да жақсы қасиеті барын көпшілікке жеткізгенді жөн көрдік. Шыбынның қос қанаты сынды өмірде де жамандықты жоятын жақсы қасиеттеріміз барын ескере бермейтініміз мәлім. Ал, осы әңгімеден соң мынандай сұрақ туады: Пайғамбарымыздың уақытында миркоскоптар мен зертхана, ғылыми-зерттеу институттары болып па еді? Әрине, болмады! Мұхаммед Пайғамбар (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тек бәрін білуші Алладан келген ілім-білімді ғана меңгергенін осыдан-ақ аңғаруға болады.
Гүлнәр ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.