Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өміріңді реттейтін бір ауыз сөз

Өміріңді реттейтін бір ауыз сөз


Үндеме!

Данагөй қарттан тәлім алуға келген жас жігіт: 
– Ақсақал, маған тапсырма беріңізші, - деді. 
– Үндеме! 
– Түсінбедім. 
– Тапсырма сондай. Үндеме! Бір тәулік бойы жақ ашпа. 
– Жарайды, жай ғана үндемей жүру деген қиын емес қой... 
– Ал сен байқап көр! Маған мұндай тапсырма берілгенде жарты сағат та шыдамай, сөйлеп қойып, кейін аузымды алақаныммен жауып жүрген кездерім де болған. Ал уақыт өте келе көп жағдайда сөз шығындап, сөз таластырғанша, үндемей-ақ бар бәледен құтылуға болатынын ұқтым. Үнсіздіктің кейде тіпті жаныңа тыныштық сыйлап, айқай-шу мен талас-тартыстан бойыңды аулақ ұстайтынын түсіндім. Бұған менің етім үйренді. Жөнсіз сөйлемеудің, кейде мүлде үндемей қалудың пайдасы мол екен. Өзіңе сеніміңді арттырады, сабырлы болуды үйренесің, терең ойлап, шалт қимыл жасамауға әдеттенесің, жанған оттай лап ете қалатын бойыңдағы жаман дағдылардан арыласың, жаман ойды тежейсің. Мұның өзі – түсінген адамға мол тәлім-тәрбие! – деді қарт.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Кім Аллаға және Ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін, – деген.
«Қамшы» сілтейді
01 қаңтар 2019 ж. 2 498 0