Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысында зиянкестерді жою жұмыстары жалғасып жатыр

Алматы облысында зиянкестерді жою жұмыстары жалғасып жатыр

Алматы облысында зиянкестерді жою жұмыстары жалғасып жатыр
Көктем келіп, көк көтерілгелі Ағанас жазығын сары түске бояған шытыргүлдер жолаушылардың қызығушылығын тудырған болатын. Бірақ, ол көрініс көпке бармады. Бұл алқапты шытыргүлділердің жапырақ жемірі аталатын  құрт жайлап, ауыл тұрғындары мен шаруашылық иегерлерін аяғынан тік тұрғызды. Ауыл азаматтарын алаңдатқан зиянкестірді жою жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz. Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Ақай Нүсіпбеков ауылындағы егіс алқабына облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Дархан Кәрібайұлы, Өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми зерттеу институтының энтомологы Ізбасар Исатайұлы келіп, жайылған құрттың экономикалық зиянды шектік деңгейден асатынын айтып өтті.
Құрт қаптаған өңірге арнайы келген Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы мен жауапты сала басшылары ауыл халқымен жүздесіп, зиянкесті жоюға қатысатын азаматтарға дәрі бүріккіш құрылғылар мен арнайы қорғаныш киімдерді табыстады.
Улау шарасына Қарабұлақ, Жалағаш ауылдық округтерінің әкімдері мен 137 шаруа қожалығының өкілдері жиылып, егіс алқабындағы қаптаған құрттың көзін жоюға жұдырықтай жұмылды. Алқапты жайлаған құртты улау жұмысына үш трактор, бір штангалы бүрккіш агрегат қатыстырылды, сондай-ақ тұрғындардың қол қусырып қарап тұрмай, дәрі бүріккіш құрылғылармен де жабыла қимылдауының нәтижесінде үш күннің ішінде 7 гектар  аймаққа «БИ-58» препараты себілген. 
20 сәуір 2024 ж. 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9296)

22 сәуір 2025 ж.

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930