Шиелінің өнімі Сыр елінің төрінде
19 қарашада Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінің орталық алаңында Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындары үшін ұйымдастырылған жәрмеңкенің өтуіне «Байқоңыр ӘКК» АҚ мұрындық болды.
Таңертеңмен ерте басталған жәрмеңкеге шиелілік тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер жалпы көлемі 62,1 тонна, 24 түрлі ауыл шаруашылық өнімдерін алып барды. Атап айтар болсақ, күріш, сиыр еті, картоп, қызанақ, қырыққабат, сөк талқан, құрт пен сүт секілді өнімдер жәрмеңкенің сәнін келтірді.

Орталық алаңдағы 20 тонна картоп, 15 тонна күріш, 4 тонна сәбіз, 4 тонна пияз, 4 тонна қырыққабат, 1,7 тонна сиыр еті, 500 келі балық және тағы басқа да өнімдер базар нарығынан 15-20 процент арзан бағада сатылды.
– Бүгінгі жәрмеңкеде барлық азықтың түрі бар. Өзім Тасбөгет кентінде тұрғандықтан үнемі жәрмеңкеге келіп тұрамын. Әсіресе, ауданнан келетін сөк-талқан өнімін бірінші кезекте аламын. Бүгінгі жәрмеңкеде балық көп екен. Сонымен қатар картоп, пияз, сәбіз, қызынақ арзан бағада сатылып жатыр. Өзім бір қап картоп, жарты қап сәбіз, балаларға құрт пен құрма, сөк-талқан алып қайтып барамын. Ауылдың дәмі бөлек ғой. Сондықтан шиелілік шаруалардың өнімін асыға күтеміз. Жәрмеңке үнемі ұйымдастырылып тұрса, бағасы өзімнің көңілімнен шығады, – деді Тасбөгет кентінің тұрғыны.
Айта кетейік, жәрмеңкеде қыстық картоп, қауын-қарбыз, жалпы айтқанда, бақша дақылдары молынан болды.
«Өскен өңір» ақпарат агенттігі