Шиелі ауданында қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал
Бүгінгі таңда Шиелі ауданында қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. 2024 жылдың 3 айында қызылшаның 80 жағдайы тіркелді, оның ішінде 73,7 %-ы 14 жасқа дейінгі балалар ( 59 жағдай ), 1 жасқа дейінгі ауырған бала саны- 22, яғни 27,5 пайызы қызылшамен жоспарлы егужасына жетпегендер,1 жастағыауырған бала саны -13 ( 16,2 %) , 2 жас - 9 жағдай, 3 жас -7 жағдай , 4-5 жас- 6 жағдай, 7 жас - 1жағдай, 13 жас -1 жағдай тіркелсе, жасөспірімдер арасында -5 жағдай, 20-29 жас -8 жағдай, 30-39 жас – 7 жағдай, 40-49 жас -1 жағдай есепке алынған.
Кәсібіне қарай : ұйымдаспаған топ баласы -53( 66,2 %) , бала бақша балалары -6, оқушылар – 4, студенттер -4, жұмыссыздар -7 , қызметкерлер -2, бала бақша қызметкерлері -1, мектеп қызметкерлері -3;
Ауруға шалдыққандардың басым көпшілігі 0-5 жас аралығындағы балалар, олардың үлесі 71,2 % құрады. Қызылша ауруына күдүкті науқастардың басым көпшілігі, нақты айтқанда 50,0% қызылшаға қарсы әр түрлі себептерге байланысты егілмеген. Егілмегендердің ішінде 22,0% ҚР Ұлттық алдын ала егу кестесіне сәйкес егужасына жетпей (1 жасқа дейінгі балалар)екпемен қамтылмаса, 28,0% егу уақыты жеткенде екпелерге қарсылық білдіріп, егумен қамтылмағандар. Есепке алынған80 жағдайдың 65 пайызы кент орталығынан анықталса, қалған35 пайызы елді мекен тұрғындары арасынан тіркеліп отыр. Қызылша – өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам науқастармен байланысқа түссе, ауырып қалу мүмкіндігі өте жоғары. Инфекция ауа жолы арқылы беріледі . Қызылшаның қоздырғышы – вирус. Сыртқы ортада тұрақсыз : олбөлме температурасында 5-6сағат ішінде өледі. Инфецияның жалғыз көзі науқас адам. Вирустың таралуытүшкіру,жөтелу , сілекей тамшыларыменсөйлесу арқылы жүреді.
Инкубациялықкезең орта есеппен 9 күнді құрайды. Қызылша әсіресе ересектұрғындарда ауыр.
Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды. Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында аналық антиденелер сақталады.
Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін. Инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады. Яғни дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі. Кейініректе конъюктивит (көздің шырышты қабығының қабынуы), сонымен қатар беттің шырышты қабығында (азу тістерінің қарсысында) ұсақ ақ дақтар пайда болады. Қызылшаның ең көп тараған асқыну түрі ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), соқырлық, бронхтық пневмония, мойын лимфо түйіндерінің қабынуы, ларингит, энцефалит. Қызылшаның дамуын байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек. Бұл уақтылы диагноз қойып, ем тағайындау және ұйымдастырылған ұжымда тіркелген жағдайда алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін маңызды.
Қызылшаның алдын алу. Инфекциямен күресудің ең күшті, қол жетімді және тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Ұлттық профилактикалықегу күнтізбесіне сәйкес балалар қызылшаға қарсы алғашқыегуді 12 айда , ревакцинацияны 6 жаста алады. Қызылшадан егу – вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылдан астам уақытқа созылатын сенімдіиммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиологиялықжағдайдың нашарлауы кезінде жасалса да, қызылшаның дамуына жол бермейді. Егу тұрақты қорғанысты тудырады. Қызылшаға қарсы қосымша егулер науқаспен қатынаста болған қызылшаға қарсы егулері жоқтарға, эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша 30 жасқа дейінгі адамдарға салынады. Мына жайтты ескерген жөн, жоспарлы екпеден бас тарту тек өзіңіздің ғана емес, басқа да балалардың өміріне қауіп төндіреді.
Қызылша – ауа тамшылы жолмен тез тарайды, жедел жұқпалы ауру. Қызылшаға екпе алмаған адам науқаспен қысқа уақытта байланыста болса да жұқтыру қаупі өте жоғары. Бұл вирус ауа арқылы тез таралуына байланысты, науқас адаммен тікелей байланыста болмасаңыз да, инфекцияны жұқтыру науқаспен бір бөлмеде аз уақытта болудың өзі жеткілікті.
Әрқашан инфекция көзі-ауру адам болып табылады. Қызылшаға қарсы екпе алмаған ересектерде жұқтыру қаупі өте жоғары және ауру балаларға қарағанда ауыр түрде өтеді. Қызылшамен сырқаттанған адам басқаларға бөртпе шықпай тұрып 4 күн бұрын және шыққаннан кейін 4 күн ішінде қауіпті. Ауру инфекция жұқтырғаннан кейін 7-18 күн ішінде дамиды.
Балалар аурушаңдығы негізінен вакцинациядан бас тарту себебінен, сондай-ақ вакцинациядан медициналық кейінге шегеру және егу жасына жетпеу себебінен вакцинацияланбағандар арасында тіркеледі. Балалар арасында бұл дерт жиі кездеседі, әрі аса қауіпті инфекция болып саналады. Өйткені бұл инфекцияның емі жоқ. Қызылша деп аталуының да өз мәні бар. Баланың ыстығы көтеріліп, денесін бөртпе басады. Бұл дерт ертеден белгілі. Қызылша – вирусты инфекция. Статистикаға жүгінсек, вирусты он адамның тоғызы жұқтырады. Сондықтан ол жұқпалы жоғары тыныс алу жолының инфекциясы қатарына жатады Бұл дерттен менингит секілді әртүрлі асқынулар туындайды. Қызамық пен қызылша аурулары балалар инфекциясы саналғанымен, оның жұғу көрсеткіші аса жоғары. Қазір ол коронавирус тәрізді жылдам жұғып, тез таралады.
Алдын алу шаралары:
Қызылшаның алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі – екпе (вакцина). Профилактикалық егулердіңұлттық күнтізбесіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау12 айлық кезінде және қайталап 6 жаста жүргізіледі. Сондай-ақ қызылшамен ауырмаған, бұрын егілмеген немесе қызылшаға қарсы вакцинациясы туралы мәліметтері жоқ 18-35 жастағы ересектер егіледі. Қызылшаға қарсы егілгені немесе бұрын қызылшамен ауырғаны туралы мәліметтері нақты емес қызылшамен ауырған науқаспен байланыстаболған адамдар вакцина алуы қажет.Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға дейін сақталатын сенімдіиммунитетті қалыптастырады. Екпе алмаған жағдайда жұқтыру қаупі өте жоғары екенін тағы да ескертеміз.Екпеден бас тартутек өзіңіздің ғана емес, басқада балалардың өміріне қауіп төндіреді. Өз денсаулықтарыңызды күтіңіздер ! Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол іздейік.
Г.Айтекеева
Шиелі аудандық санитариялық- эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысы