Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДА ҚЫЗЫЛША АУРУЫ ӨРШІП ТҰР

АУДАНДА ҚЫЗЫЛША АУРУЫ ӨРШІП ТҰР

Қазіргі таңда Шиелі ауданында қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, аурудың тіркелуі жалғасуда. 2023 жылдың қорытындысымен қызылшаның 241 жағдайы тіркелді. Оның 104-нің диагнозы лабораториялық зерттеу қорытындысымен нақтыланған. Жалпы ауруға шалдыққандардың 86,0 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде 1-5 жас аралығындағы балалардың үлесі басым болды, яғни 182 жағдай анықталып тұр.

Есепке алынған 241 жағдайдың 42,7 пайызы кент орталығынан анықталса, қалған 57,3 пайызы ауылдық өңір тұрғындары арасынан тіркелді. Ал 2024 жылдың қаңтар айында 28 науқас тіркеліп, оның 75,0 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар екені анықталды. Оның ішінде 1-5 жас аралығындағы 21 бала осы дертке шалдыққан. Есепке алынған 28 жағдайдың 71,4 пайызы кент орталығынан анықталса (20 жағдайы), қалған 28,6 пайызы ауылдық елді мекен тұрғындары, яғни Ш.Қодаманов, Бидайкөл, Алғабас, ­Жақаев, Досбол би ауылынан тіркелді. Ағымдағы 2023 жылдың қараша а й ы н ы ң 6 ж ұ л д ы з ы н а н б а с т а п қызылша ауруына қарсы 6-10 ай 29 күн аралығындағы балаларға жаппай иммундау науқаны басталып, қызылшаға қарсы егілуге тиісті 1152 баланың 1119- ы­ егіліп, яғни 97,1 пайызға орындалып екпе жұмыстары жалғасуда. Желтоқсан айынан бастап 2-4 жас аралығындағы балаларға қызылшаға қарсы екпе жұмыстары басталып, жоспарланған 5560 баланың барлығы қызылшаға қарсы егіліп, 100 пайызға орындалды. Қызылшаға қарсы екпе жұмыстары жалғасуда. Құрметті ата-аналар балаларыңызға қызылшаға қарсы екпе ектіріп алыңыздар. Егу алмаған балалар вакцинациядан өтіп қызылшаға қарсы профилактикалық егулерін алып, иммунитет қалыптастырулары қажет. Қызылшаға қарсы егілмеген балалардың қызылша ауруын жұқтыру қаупі жоғары болады және ауыр түрде өтеді. Жасқа толмай қызылшамен ауырған балаларыңызды 1 жасқа және 6 жасқа толғанда жоспарлы қызылшаға ектіріңіздер. Өйткені екпе қызылша, қызамық, паратит ауруларына қарсы салынатындықтан, қалған екі ауруға қарсы вакцинациялануы қажет. Қызылша – вирустан туындаған инфекция. Ауруды оңай анықтауға болатын ерекше белгісі ол бөртпе. Қызылша өте жұқпалы, ауа арқылы таралады. Инфекция ауа тамшылары арқылы берілетіндіктен, науқаспен байланыста болған кезде сөйлесу, түшкіру, жөтелу кезінде бұрын қызылшамен егілмеген және ауырмаған адам 100% дерлік жұқтыруы мүмкін. Қызылша вирусы өте құбылмалы: қызылшаны науқаспен тікелей байланыста болмай-ақ, онымен бір үйде болу арқылы да жұқтыруға болады. Вирус тез өлетіндіктен тұрмыстық заттар, ойыншықтар, киім-кешек арқылы жұқтыру мүмкін емес. Қызылша белгілері. Инкубациялық кезең инфекция жұқтырғаннан аурудың алғашқы көріністеріне дейін 7-күннен 21 күнге дейін созылады. Бала инкубациялық кезеңнің соңғы екі күнінде, катаральды кезеңде және бөртпелердің шығуы 3-4 күн ішінде, яғни шамамен 9 күн бойына басқаларға жұқпалы болады. Бірінші дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, жөтел, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы байқалып, ұйқышылдық пен тез шаршау пайда болады: Ауру бөртпе кезеңіне жалғасып, бұл кезеңде қызылшаның негізгі симптомытістердің түбінде аузында ерекше бөртпенің пайда болуы байқалады. Бұл ауруды ерте диагностикалауға және қажет болған жағдайда баланы уақытылы оқшаулауға көмектеседі. Одан әрі теріде қызылша бөртпесі бастапқыда құлақтың артында және шаштың өсу аймағында бас терісінде пайда болады, бетке, мойын аймағына және кеудеге таралады. Екінші күні иықтың, қолдың, арқаның, іштің терісі бөртпемен жабылады, үшіншісінде саусақтарды қоса, төменгі аяқтарда байқалады. Бөртпе пайда болғаннан бастап 3-4 күн ішінде науқастың жағдайы жақсарып, температура қалыпқа келеді, бөртпе жоғалады, пигментация қалып, уақыт өте келе ол да жоғалады. Қалпына келу кезінде ұйқышылдық, ашуланшақтық және шаршаудың жоғарылауы қалады. Қызылшаның алдын-алу қызылшаға қарсы егу профилактикалық егу күнтізбесіне кіреді. Алғашқы вакцинация 12-15 айлық дені сау балаларға беріледі. Вакцинаны қайта енгізу (ревакцинация) 6 жасында, мектеп алдында жүзеге асырылады.

Манзура СҮЙІНДІКОВА,
Шиелі аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау басқармасының эпид. бөлім басшысы
05 ақпан 2024 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031