Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қадір түні ұйықтамау шарт па?

Қадір түні ұйықтамау шарт па?

Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айша анамыз: «(Алла Елшісі) таң атқанша түнді (барлық бөлігін) намазбен өткізген емес»[1], деп айтқан.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Сендерге мына ай келді. Бұл айда мың айдан артық түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, жақсылық атауынан құр қалғаны. Оның жақсылығынан тек қана нағыз мақұрым адам ғана құр қалады»[2], деген.

Сондықтан барша мұсылман Қадір түнін құлшылықпен өткізіп, сауаптан құр қалмауға тырысуы қажет. Ал шаршаса кішкене тынығып, кейін ары қарай құлшылығын жалғастырса құба-құп.



«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды

[1] Имам Нәсәи, №2347.

[2] Ибн Мәжә, №1649.
05 сәуір 2024 ж. 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930