Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Кеше Шиелі ауданы прокуратурасының қолдауымен Жастар ресурстық орталығында Шиелі кентінде орналасқан мектептердің 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Армандар орындалады» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Шиелі ауданы прокурорының орынбасары Е.Алтынбай, білім бөлімінің бас маманы Т.Бөпежанов, Жастар ресурстық орталығының директоры Е.Әбдешов, қазақ күресінен әлем чемпионы Б.Төлепов, белбеу күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Р.Рантаев қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасында жиі орын алатын қылмыс пен құқық бұзушылық, ерте жүктілік, зорлық-зомбылық құрбандарын болдырмау мақсатында және балалардың құқықтарының сақталуы мен қорғалуын арттыру бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқару сөз болды.
Сондай-ақ, кездесудің қонақтары Е.Алтынбай, Т.Бөпежанов, Е.Әбдешов, спорт шеберлері Б.Төлепов пен Р.Рантаевтар оқу-білім, ізденіс жайлы, спорт саласында тек тиянақты дайындықтың арқасында өздерінің өмірлік тәжірибесі мен жетістікке қол жеткізуге болатынын түсіндірсе, спорт шеберлері оқушыларға өздерінің өмірлік тәжірибесі мен жетістікке қол жеткізу жолдарын түсіндірді. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
04 сәуір 2024 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031