Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "ПАРАСАТ" ТӘРБИЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

"ПАРАСАТ" ТӘРБИЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының «Парасат» тәрбие орталығының кезекті отырысы ұйымдастырылды.
Жиналыста "ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЛАЛАР САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛЫ" жобасы шеңберінде Қызылорда облысы бойынша әзірленген іс-шаралар жоспары, Шиелі аудандық прокуратурасының "БАҚЫТТЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" жобасы шеңберіндегі іс-шаралар жоспары бойынша атқару қажет жұмыстары пысықталды.
Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық, суицид, ерте жүктілік, зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жаңа бағытта күшейту сөз болса, аудан мектептеріндегі балалар қауіпсіздігі бойынша турникет, күзет, дабыл түймесі, бейнебақылау камераларының сапалы жұмыс жасауы, балалардың құқықтарының сақталуы мен қорғалуын арттыру бағытындағы жұмыстары қаралып, жан-жақты талдау жасалды.
Сонымен қатар, жаз мезгілінде қосымша білім беру ұйымдарында шығармашылық, мәдени лагерлер жұмыс жасау қажеттігі айтылса, мектеп жанынан шатырлы, киіз үй, архиологиялық, спорттық лагерлер түрлерін ашу жоспарланды.
Отырыс соңында облыс көлемінде «Біз есірткіге қарсымыз!» ұранымен өткізілген 8 байқаудың 17 жеңімпаз мектептің жетекшілері Қызылорда облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
03 сәуір 2024 ж. 69 0