“IQANAT”: АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ БАСТЫ МАҚСАТ
Сыр елінде IQanat республикалық оқушылар олимпиадасының ІІ кезеңі өтіп, оған өңіріміздің барлық аудан, ауылдарынан 568 оқушы қатысты.
Тиісті кезеңде олимпиадаға қатысушы оқушылар математика, физика, биология, химия, Қазақстан тарихы және география пәндерінің бірі бойынша тестілеуден өтті. Сонымен қатар, қатысушылар математикалық сауаттылық, логикалық және сыни ойлау бойынша міндетті тестілеуден өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырды.
Бүгінде еліміздің барлық аймақтарында бір мезетте өтетін олимпиада балалар слеті сипатында жаңаша белең алуда.
Балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында оқу дәрістері оқылып, спорт және ойын-сауық іс-шаралары, эстафеталар, үстел ойындары, квиздар, викториналар, дискотекалар ұйымдастырылды.
“IQanat” республикалық олимпадасының шартына сәйкес үшінші кезеңінде жүлдегер 1000 баланы анықтайды. Финалистердің бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатына тегін оқуға, ал екінші бөлігі олимпиададан кейінгі үш жылдық платформалар арқылы ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға дайындалады.
Осындай академиялық дайындықтың арқасында IQanat бағдарламаларымен қамтылған балалардың 90%-ы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түсіп келеді. Қазір IQanat түлектері әлемнің 15 елінде оқиды.
IQanat Олимпиадасының ақтық сынына өткен ауыл балаларына қор есебінен “Шырмауық лигасының” кез-келген университетінде бакалавриатқа түскен оқушылардың шығындарын 100% жабады. Бағдарлама тек оқуды ғана емес, сонымен қатар студенттердің бүкіл оқу кезеңінде тұруын, тамақтануын және жол жүруін қаржыландыруды қарастырады.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі