Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент олимпиадасына 400-ден аса оқушы қатысып жатыр

Президент олимпиадасына 400-ден аса оқушы қатысып жатыр


Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Елімізде Президент олимпиадасының екінші кезеңі басталды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Өңірлерде жаратылыстану-математика пәндері бойынша Президент олимпиадасының екінші (іріктеу) кезеңі басталды. Іріктеу кезеңіне білім беру ұйымдарының 11 (12) сыныптарынан 446 оқушы қатысты. Олимпиада шарты негізінде әрбір қатысушы 4 пән (математика, физика, химия және биология) бойынша берілген тапсырмаларды орындады.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен
марапатталады. Сондай-ақ олар еліміздің жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алады.

Айта кетейік, жаратылыстану-математика пәндері бойынша Президент олимпиадасы 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.
Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі 3 қазанда өтті. Оған 2 933 оқушы қатысты. Олимпиаданың республикалық кезеңі қарашаның екінші онкүндігіне жоспарланған.
23 қазан 2023 ж. 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31