Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының оқушылары үздік олимпиадалық команда атанды

Қызылорда облысының оқушылары үздік олимпиадалық команда атанды



Наурыз айының 20-25 күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілді.
Білім додасына 9 – 11 (12) сынып оқушылары математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша бақ сынасты.



Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген олимпиаданың республикалық кезеңіне Сыр өңірінен 38 оқушы қатысып, 18 оқушы жүлделі (5 оқушы – І орын, 5 оқушы – ІІ орын, 8 оқушы – ІІІ орын) орын иегері атанса, 2 оқушы Грамотамен марапатталды. Сондай-ақ, 3 оқушыға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім гранты табысталды.



Сайыс қорытындысымен Қызылорда облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда – ІІІ орын» атағын иемденді.
Ағымдағы жылдың 3-7 сәуір күндері қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша өтетін республикалық олимпиадаға 29 өреніміз қатысатын болады. Жас дарындарымызға аймақ абыройын арттырады деп сенім білдіреміз.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
26 наурыз 2023 ж. 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031