Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » IQanat олимпиадасының финалына Қызылорда облысынан 40 дарынды бала жолдама алды

IQanat олимпиадасының финалына Қызылорда облысынан 40 дарынды бала жолдама алды

dd1c51cc-8bdf-44c0-bba8-76e4ad452193.jpg

18-22 маусымында еліміздің 166 ауданынан 37 мың баланың арасынан қатаң іріктеуден өткен «IQanat-2023» республикалық олимпиадасына 800-ден астам ынталандырылған 8-сынып оқушылары Елордаға келеді. Финалға шыққан 824 үміткердің арасынан үздік атану үшін Қызылорда облысының 40 ауыл оқушысы бақ сынайды.

Еліміздің ауыл оқушылары арасындағы ең ауқымды офлайн олимпиаданы «IQanat» қоғамдық қоры ауыл балаларына сапалы білімге жол ашу мақсатында ұйымдастыруда. Соңғы 5 жылда 160 мыңнан астам ауыл мектебінің оқушылары сапалы білім алуға мүмкіндік алды. Республикалық слёт аясында соңғы іріктеу кезеңі өтіп, 120 жеңімпаз IQanat мектебіне тегін оқуға шақыру алады, ал қалған қатысушылар олимпиададан кейінгі білім беру бағдарламаларымен қамтылатын болады.

IQanat олимпиадасы және Қордың басқа да бағдарламалары мыңдаған ауыл балаларына ең жоғары технологиямен қамтамасыз етілген мектептердің бірі – IQanat High School of Burabay мектебіне түсіп білім алуға, мықты мұғалімдермен қарым-қатынас жасау арқылы баға жетпес тәжірибе алуға, танысу шеңберін кеңейтуге, жалпы өмір сүру деңгейін көтеруге және соның нәтижесінде ауыл балаларына үздік жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік береді. Қор бағдарламаларының түлектері – ауыл мектептерінің оқушылары Nazarbayev University, University of Purdue, Polytechnic University of Hong Kong, University of Chicago және т.б. университеттерге түсуде.

IQanat әлеуметтік жобасын жүзеге асыру Қордың 100-ден астам қамқоршылары үлесінің арқасында мүмкін болды. Қамқоршылар – ауыл оқушыларына көмектесіп, балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау ниетімен біріккен қазақстандық кәсіпкерлер.

 Бұл жоба Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ірі бизнес өкілдеріне қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуден шет қалмауға жасаған үндеуінің көрінісі. Ауыл оқушыларының білім деңгейі біздің елімізде ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
20 маусым 2023 ж. 209 0