Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҚСЫ КЕЛІН – ЫРЫСЫҢ

ЖАҚСЫ КЕЛІН – ЫРЫСЫҢ

Қазақ шаңырағында отбасының ұйытқысы болып, ерінің жанына жалау, көңіліне медеу беретін, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, оны аялап өсіретін келіндердің орны бір төбе. Бүгінде нағыз қазақ келініне тән қасиетті бір бойына жиып, сан салада табысты еңбек етіп, бір отбасының түтінін түтетіп, әулет тізгінін жалғап отырған нәзікжандар көп.
Осынау қазақтың салт-дәстүрі мен әдетғұрпын берік ұстанған келінге тән әдемілік пен әдептіліктің, биязылық пен іскерліктің үлгісін көрсеткен мерейлі шара 6 наурыз күні Бала би ауылдық мәдениет үйінде «Жақсы келін – ырысың» тақырыбында жалғасты. Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында өткізілген келіндер байқауында Сағыныш Абайділдаева, Гүлжайна Ысқақова, Қымбат Шекербекова, Нұрсұлу Сейтманова және Назерке Молдахандар өзара бақ сынасты.
Байқаудың шымылдығын ауыл әкімі Х.Тәжиев, ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қ.Өтешов, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы К.Әшірбекова мерекелік құттықтаумен ашып берді.
Шара барысында әр мекеменің қызкеліншектеріне ауыл әкімінің алғыс хаты табысталып, гүл шоқтары сыйланды.
Келіндер сайысы «Таныстыру», «Өнерлі өрге жүзер», «Салт-дәстүрің – өнегең», «Бесік жыры», «Отбасы ұйытқысы – Ана», «Аспаз келін» деп аталатын алты кезең бойынша жүргізілді. Нәтижесінде I орынды Қымбат Шекербекова, II орынды Сағыныш Абайділдаева мен Назерке Молдахан, III орынды Гүлжайна Ысқақова мен Нұрсұлу Сейтманова жеңіп алды. Барлық қатысушыларға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар мерекелік жиында мәдениет үйі мен ауылдық кітапхана қызметкерлері кеш қонақтарына әннен шашу шашып, күмбірлі күй тартып, жүрекжарды жырлар оқып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бірлігі бекем Бала би ауылында нәзікжандар мерекесі дәл осылай бастады.

«Өскен өңір» ақпарат
12 наурыз 2024 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031