Супер келіндер сайысты
«Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын». Иә, отбасының нағыз ұйытқысы – келін. Ата-анасынан көрген тәрбиесі мен қайын жұртының ықыласы мен алғысына бөленіп жүрген келіндер қазір де бар.
Ауданда ұлттық салт-дәстүріміз бен құндылықтарымызды дәріптейтін іс шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Солардың бірі аудандық «Арман» мәдениет үйінде өткен «Үздік келін 2022» байқауы. Мақсат – қазақ келіндерін ұлттық рухта тәрбиелеу, ана тілді құрметтеу, жас отау тәрбиесін ұғындыру, қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақы қалыптарды сақтай отырып, заман талабына сай жан-жақты дамыған тұлға етіп, болмысын қалыптастыру.

Салмақты шараны аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов ашып беріп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысқа аудан бойынша 13 жас келін қатысып, 4 кезең бойынша өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша Бала би ауылынан қатысқан Толқын Наурызбаева – І орын (50 мың теңге), Бәйгеқұм ауылының келіні Назерке Сағит – ІІ орын (30 мың теңге), Майлытоғай ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызметшісі Тоғжан Тілеубай – ІІІ орын (15 мың теңге), және дәл осы орын бойынша Ханым Әбибулла лайық деп танылып, марапат төрінен көрінді.
Ал қалған қатысушыларға 10 номинация бойынша диплом, заттай ынталандыру сыйлығы табысталды.
С.МАДИЯРОВА