БӨЛІМ БАСШЫСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Білім бөлімінің басшысы Жібек Орынбайқызы жеңімпаз оқушыларымызды жеке қабылдап, аудан абыройын жоғары дәрежеде қорғап, жеңімпаз атанғаны үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, пікір алмасып, ұсыныстар тыңдалды.
Білім бөлімінің басшысы Жібек Орынбайқызы ұсыныстарға жауап бере отырып, алдағы додаларда да тек биіктерден көрінетіндіктеріне сенім білдірді.
Ұстаздар мен оқушылар да өз тарапынан алғыстарын айтып, білімдерімен Шиелі ауданының, қазақ елінің атын асқақтатуға бар күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді.
Жеңімпаздарымызға сәттілік тілей отырып, биік белестерді бағындыра беретіндігіне зор үміт артамыз!