ЖАҢА КҮН – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН!

14 ақпан күні Қызылорда қаласы, А.Байтұрсынов №143, №125 "High school" базасында 12 фракция арасында жеребе тасталып, ойын өрбіді.
Келесі күн "Дүниежүзілік мектеп форматы" тақырыбында Даулет Қайратұлының семинарымен жалғасты. 15 ақпан күні А.Тоқмағамбетов мәдениет үйінде турнир өз мәресіне жетті. Қорытынды бөлімге облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Темірбекұлы қатысып, жеңімпаз фракцияларды дипломдармен және арнайы жүлделермен марапаттады.
Облыстық пікірсайыс турниріне «Шиелі шынарлары» фракциясынан №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушысы Аяулым Мұханбетияр мен №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Темірхан Әділет қатысты. Темірхан Әділет «Дебаттық креатив» бағамымен және арнайы сертификатпен марапатталды.