Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ІЗДЕСЕҢІЗ, ЖҰМЫС БАР

ІЗДЕСЕҢІЗ, ЖҰМЫС БАР

Шиелі ауданының Мансап орталығының ұйымдастыруымен 29 ақпан күні аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өтті.
Аталған жәрмеңкеге Шиелі ауданындағы жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған 39 бос жұмыс орны ұсынды. Атап айтар болсақ, информатика пәнінің мұғалімі, физика пәнінің мұғалімі, математика пәнінің мұғалімі, логопед-дефектолог, әлеуметтік педагог, автокөлік жүргізушісі, кондитер, бухгалтер, аспазшы, тәрбиеші сынды бос орындар бар. Бұл – екі қолға бір күрек таппай жүрген жандарға таптырмас мүмкіндік.
Сонымен қатар жәрмеңке барысында Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының мүмкіндіктері мен жұмыспен қамту саласында көрсетілетін әлеуметтік колдау түрлері туралы кеңінен мәліметтер берілді.

«Өскен өңір» ақпарат
05 наурыз 2024 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31