Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бос жұмыс орындары бар

Бос жұмыс орындары бар

Сейсенбі күні аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратында «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Аталған шараға аудан әкімі Нұржан Ахатов та қатысып, жұмыс істеймін деген адамға мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалып жатқандығын, соның ішінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің көмегі мол екендігін айта кетті. Жәрмеңкеде 20 жұмыс берушілерден 48 бос жұмыс орны және 16 жұмыс берушіден 41 уақытша жұмыс орны ұсынылды.
Бос орындар жәрмеңкесінің мүмкіндіктері өте көп. Себебі, мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындармен жеке кәсіпкерлерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға көмектеседі. Ал жұмыс іздеушілер мамандықтары ­бойынша жұмысқа қол жеткізеді.
Жәрмеңкеде ұсынылған 48 бос жұмыс орнынан 19 азаматтың екі қолына бір күрек табылды. Сондай-ақ 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының үшінші бағыты аясында жастар тәжірибесі аясында 25 азаматқа, ақылы қоғамдық жұмыс бойынша 7 азаматқа жолдамалар берілді.
Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының персоналмен жұмыс жасау бөлімінің басшысы жәрмеңке жайлы өз пікірін қалдырды.
– Аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету – ең басты мәселелердің бірі. Дәстүрлі түрде өтетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс іздеп жүрген аудан тұрғындарына үлкен көмек болуда. Бұл жәрмеңке жұмыс берушімен жұмыс іздеушінің арасындағы ең оңтайлы платформа. Себебі өзінің іздеген, қолынан келетін мамандығына сәйкес бос жұмыс орнына бірден түйіндемесін қалдырып тез арада жұмысқа орналасуына ықпалын тигізеді. Бұл шара жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасындағы алтын көпір деуге болады, – деді Мәулен ­Ауланбергенов.
Жәрмеңкеде айлық жалақысы 300 мың теңгені құрайтын Гежуба Шиелі цемент зауытына қарасты «Quicline ЖШС» ұсынып отырған «эксковатор жүргізушісі», айлық табысы 150 мың теңге мөлшеріндегі Уранэнерго ЖШС Шиелі филиалы ұсынып отырған «кезекші электромонтер», «электромонтер» бос жұмыс орындары және «Флай» мейрамханасы ұсынып отырған тазалақшы даяршы, ыдыс ­жуушы, балалар ойын алаңына жауапты қызметші секілді жұмыс орындары айтылды.Флай мейрамханасы аталған қызмет орындарына 6000-7000 теңге мөлшерінде жалақы және қосымша үстемақылар ұсынып отыр.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
09 қазан 2023 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930