90 бос жұмыс орны бар

Жұма күні аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимаратында кәсіпорындармен жеке кәсіпкерлер тарапынан 30 жұмыс беруші мекеме мамандарының қатысуымен «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өтті.
Аудан көлемінде өткен жәрмеңкеге «Ай-Мар» тігін фабрикасы, «Шиелі Жолшы», «САС Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қатысты. Жеке кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған 90 бос жұмыс орнына 32 азамат орналасты.
Ал 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның үшінші бағытына сәйкес жастар тәжірибесі бойынша 6 азамат жаңа жұмыс орындарына қабылданды.
Қазіргі таңда жұмысшы табылмаған мекемелерге атап айтқанда, «Шиелі ауданының өнер мектебі», «DalaTex тігін шеберханасы», «СТЭМП Б.С» ЖШС, «Kap logistics» ЖШС СКК-Шиелі филиалы, «Honeymood-Балдай», «Quicline» ЖШС, «Шиелі Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан ұсынылған бос жұмыс орындарына «Жүк көлігінің жүргізушісі», «Тракторист-механизатор», «Дәнекерлеуші», «Сатушы», «Слесарь- жөндеуші» (слесарь по ремонту топливный аппаратуры), «Инженер ТБ», «Эксковатор жүргізушісі», «Жүк тиегіш жүргізушісі» (Погрузчик) болып жұмыс істейтін мамандар қажет.
Аталған жұмыс орындары бойынша толық ақпарат алу үшін Шиелі кенті М. Шоқай көшесі, №53 мекен-жайында орналасқан аудандық мансап орталығына хабарласуға болады.
Дархан Ғалымжанұлы