Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Іздесеңіз жұмыс бар

Іздесеңіз жұмыс бар

Бүгінде кәсіппен айналысамын, өзіме де, өзгеге де пайдамды тигіземін деуші азаматтарға әрқашанда айқара жол ашық. Өзінің мүмкіндігі мен қарым-қабілетіне сенген жандар кәсіпкерлік мақсатта мемлекеттік жобаларға қатысып, жеке бизнес көзін ашуда. Соның бір парасы «Қайтарымсыз грант», «Ауыл аманаты жобасы».
Тағы бір қолға алынған «Күміс жас» жобасы аясында өткен жылы ауданда 20 адам уақытша жұмыспен қамтылған. Жалақысын субсидиялау мерзімі аяқталғаннан кейін талапқа сәйкес 4 азамат зейнеткерлікке шыққанға дейінгі мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданды. Ал, биыл ауданда аталған жоба аясында 42 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Жұмыс берушілерден қабылданған өтінімдерге сәйкес бос жұмыс орындарына жұмысқа жолданылатын болады. «Күміс жас» жобасына 50 жастан асқан жұмыссыз жандар енгізіледі. Жобаға қатысу мерзімі 36 ай. Жобаға қатысушылардың жалақысы
бойынша мемлекеттен бөлінетін субсидиялар мөлшері ұлғайтылған. Сондай-ақ, мемлекет бюджеті есебінен осы азаматтарға 131 млрд теңге қаржы бөлінген.
– Жұмссыздық деңгейін төмендету мақсатында ауданда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына, мемлекеттік грант, жастар тәжірибесі, ақылы қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орны, алғашқы жұмыс орны, ұрпақтар келісімшарты бағдарламарын атап өтуге болады. Шиелі ауданы бойынша «мансап орталығы» филиалының 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарған жұмысына көз жүгіртер болсақ, 679 азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, 2228 азамат уақытша жұмыстарға орналастырылған. Атап айтар болсақ, ақылы қоғамдық жұмыстарға 968, әлеуметтік жұмыс орындарына 60, жастар практикасына 362, алғашқы жұмыс орындарына 36, күміс жас 60, ұрпақтар келісім шартымен 1, қайтарымсыз мемлекеттік грант беру бойынша 74 бағдарламаға қатысушысының бизнес жобалары мақұлданып, жеке кәсібін ашып жұмыстарын жасауда. Биыл аудан көлемінде 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, жыл басынан 1853 жаңа жұмыс орны құрылған. Оның ішінде, уақытша жаңа жұмыс орындары – 1174 болса, тұрақты жаңа жұмыс орынына – 679 адам тартылған. Тағы айта кетерлігі ауданда Ұлттық жобалар аясында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен» мақұлданған 35 инфрақұрылымдық жобалар бекітілген. Осы 35 жоба бойынша жұмыспен қамту жоспары 281 адам болса, оның ішінде тұрақты 197, уақытша 84 жұмыс орны белгіленген. Бүгінгі таңда жұмысы басталған 10 жоба бойынша 137 адам жұмысқа жолданып отыр. Жоғары да айтып өткенімдей, жұмыссыздық деңгейін қалыпта ұстау мен жұмыссыздарды жұмыспен қамту және жалған жұмыс орындарын анықтау бойынша ауданда көптеген іс-шаралар мен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылуда. Жұмыссыздар санын азайту еліміздің әлеуметтік дамуының бас­ты мақсаты. Тұрақты жұмыс орындарын ашу және көбейту үшін өндірістік салаға баса мән берілгені дұрыс, – дейдіХалықты жұмыспен қамту саласының зейнеткер ардагері Ж.Айтмахан.
Осы ретте, өткен аптаның сәрсенбі күні аудан әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимаратында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізілген болатын. Жәрмеңкеге аудан көлеміндегі кәсіпорындармен мен жеке кәсіпкерлер қатарынан 12 жұмыс беруші мекеменің мамандары мен жұмыс іздеуші 90-ға жуық азаматтар қатысты.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне аудан көлеміндегі кәсіпорындар тізімін атап айтқанда: «Ай-Мар» тігін фабрикасы, «Шиелі Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «САС Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен жеке кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған 30 бос жұмыс орындарына жұмыс іздеуші 14 азамат, сондай-ақ, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының үшінші бағыты жастар тәжірибесіне 50-ге жуық азаматтарға жолдамалар берілді. Сонымен қатар 25-ке жуық азаматтың түйіндемелері әңгімелесуден өткізу үшін қабылданды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша жұмысқа орналыстырылған азаматтар туралы ақапараттар жұмыс беруші мекемелермен азаматтар арасындағы әңгімелесу өткізілгеннен кейін ұсынылатын болады.
Қазіргі таңда, жұмысшы табылмаған мекемелер қатарын атап айтқанда, «Quicline», «Best-service LTD», «Honeymood-Балдай», «Шиелі Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан ұсынылған бос жұмыс орындарына «Жүк көлігінің жүргізушісі», «Тракторист-механизатор», «Дәнекерлеуші», «сатушы» «тәрбиеші» «азпазшы», «Кладовщик», «Бағдарламашы» болып жұмыс істейтін азаматтар қажет.

Дархан Ғалымжанұлы
06 тамыз 2023 ж. 376 0