БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне аудан көлеміндегі кәсіпорындармен, атап айтқанда:
«Ай-Мар» тігін фабрикасы, «Шиелі Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «САС Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен жеке кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған 30 бос жұмыс орындарына жұмыс іздеуші 14 азамат, сондай-ақ, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының үшінші бағыты жастар тәжірибесіне 50-ге жуық азаматқа жолдамалар берілді.
Сонымен қатар, 25-ке жуық азаматтың түйіндемелері әңгімелесуден (собеседование) өткізу үшін қабылданды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша жұмысқа орналыстырылған азаматтар туралы ақапараттар жұмыс беруші мекемелермен азаматтар арасындағы әңгімелесу (собеседование) өткізілгеннен кейін ұсынылады.
Қазіргі таңда, жұмысшы табылмаған мекемелерге атап айтқанда, «Quicline», «Best-service LTD», «Honeymood-Балдай», «Шиелі Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан ұсынылған бос жұмыс орындарына «Жүк көлігінің жүргізушісі», «Тракторист-механизатор», «Дәнекерлеуші», «Сатушы», «Тәрбиеші», «Аспазшы», «Кладовщик», «Программист» болып жұмыс істейтін азаматтар қажет.
Толық ақпарат алу үшін: Шиелі кенті М.Шоқай №53 мекенжайында орналасқан аудандық мансап орталығына жүгіну қажет немесе 8724-32-4-32-36 байланыс телефоны арқылы білуге болады.