Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПЕДАГОГТЕР ТЕСТ ТАПСЫРА МА?

ПЕДАГОГТЕР ТЕСТ ТАПСЫРА МА?

Аудан әкімінің баспасөз орталығында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың педагогтерді аттестаттауға байланысты жаңа жобасы аясында брифинг өтті.
Брифингке аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Орынбайқызы қатысып, өңірдегі БАҚ өкілдеріне аттестаттау қағидаларына енген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндады.
Бөлім басшысының айтуынша, жаңа ереженің педагогтердің үздіксіз дамуына негізделген бұйрық екені анық.
– Бұл платформа әділдік пен адалдықты сақтауға мүмкіндік беретініне сенімім мол. Пән бойынша тест тапсырудың өз мамандығын жақсы меңгерген мұғалім үшін ешқандай қиындығы жоқ. Ал екінші кезеңін оқушылардың жетістігі арқылы бағалау, білім беру сапасын жақсартады деп ойлаймын, – деді Жібек Орынбайқызы.
Айта кетейік, аттестаттау қағидасы әлеуметтік әділдік, академиялық адалдық, табысты қарым-қатынас, ашықтық пен өзін-өзі дамытуға ынталануды көздейді.
Брифинг соңында сала басшысы журналистердің сұрағына жауап берді.
04 наурыз 2024 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930