Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТКІЗУДІҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕСІ ӘЗІРЛЕНДІ

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТКІЗУДІҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕСІ ӘЗІРЛЕНДІ

Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді аттестациядан өткізудің жаңа ережесі қашан жарияланатынын айтты.
– Жалпы, аттестацияның ең басты мақсаты – мұғалімдердің жетістігін оқушылардың жетістігімен байланыстыру. Бұл – аттестацияның ең басты ерекшеліктерінің бірі. Жаңа аттестацияда бұрынғыға қарағанда оны тапсыратын барлық педагогтың мамандығына қатысты ерекшеліктер ескерілген, – деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның нақтылауынша, жаңа аттестацияда тек қана орта білім педагогтарының ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі білім мекемелерінің, қосымша білім беру саласының, арнаулы білім беретін педагогтердің, мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының ерекшеліктері көзделген.
– Жалпы, педагогтерді аттестациядан өткізетін ұлттық платформаны әзірлеуге арнайы қаржы қарастырылмаған. Өзіміздің ішкі мүмкіндіктеріміздің есебінен платформа жасалып, аяқталып қалды. Бір-екі күнде ашық НҚА порталына аттестацияның жаңа ережесі ілінеді. Содан кейін жылдағыдай көктемде аттестация басталады, – деді Ғани Бейсембаев.



20 ақпан 2024 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930