Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздардың жалақысын өсіру мəселесін шешіп жатырмыз - министр

Ұстаздардың жалақысын өсіру мəселесін шешіп жатырмыз - министр





Бүгін Қазақстан Республикасы педагогика қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы өтті. ҚР Білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев жиында мұғалімдерді ынталандыру жұмыстары жайлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 205 мың, яғни 67 пайыз мұғалімнің жалақысы 30 пайызға көбейді. Үстемақының тек қана 18 сағатқа төлетенінін білеміз. Қазір осы мəселені шешіп жатырмыз", - деді Сағадиев.
Бұдан бөлек, министр биыл педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілгенін айтты. Ол біліктілік санаттары үшін лауазымдық жалақыға 30-дан 50 пайызға дейін қосымша үстемақыны қарастырады.
"Аттестаттауға мамыр айында 60 мыңға жуық мұғалім қатысып, олардың 36 мыңнан астамы аттестациядан өтті. Олар 63 пайызды құрады. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа аттестация тəртібінен өткен мұғалімдерге категорияларына сәйкес қосымша ақы төленеді", - деді Ерлан Сағадиев.
Министрдің айтуынша, аттестаттаудан өтпеген мұғалімдер оны биылғы жы

Baq.kz сайты
18 тамыз 2018 ж. 1 151 0