Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ

Мамандық таңдау – бұл тек оқып, диплом алу ғана емес, өзіндік өмір жолын құрып, жеке тұлға болып қалыптасу. Себебі әр адамның қоғамдағы орны, әлеуметтік құндылығы өз мамандығын қаншалықты дұрыс таңдағанына тікелей байланысты. Бұл үшін баланы мектеп табалдырығынан бастап өз жолын табуға баулу өте маңызды.
Осыған орай сәрсенбіде №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектеп оқушыларына арналған саяхат сабағы ұйымдастырылды. Білім алушыларды мамандық таңдауға бағыттау және жеткіншектердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жүзеге асқан шара мектеп директорының бейінді оқу орынбасары Омега Ким және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлбазар Қожабекованың жетекшілігімен 10-11 сынып оқушылары арасында аудандық сот мекемесімен танысу мақсатында өтті. Жылы кездесу оқушылардың құқықтық білім деңгейін көтеріп, болашақта заңгер атанғысы келетін жастарға жақсы мүмкіндік болды. Саяхат сабағы барысында Шиелі аудандық сотының төрағасы Нұржан Бекетаев білім алушыларды сот ісіне байланысты бірқатар тақырыптармен таныстырып өтті. Бұл мамандықтың қызығы мен қиындығы жайында, азаматтық іс, қылмыстық іс, әкімшілік жауапкершілік, медиация қызметі турасында, түн мезгілінде жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз жүруі, скутер, самокат, мопедті жүргізу заңдылықтары бойынша жан-жақты түсіндірме жасады. Ал аудандық сот әкімшісінің басшысы Санат Сержанов оқушыларды сот мекемесінің қызыққа толы бір күнімен, мамандардың атқаратын қызметімен, жұмыс міндеттемелерімен таныстырды. Сондай-ақ шара қонақтары аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил және аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Нұрболат Пірімбет мамандық таңдауға байланысты тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында 11 сыныптың жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Жандос Каукенов пен мектептің аға тәлімгері Индира Есимова уақытын оқушылармен бірге өткізуге арнап, құнды ақпараттармен бөліскен ел ағаларына ұжымның және барлық білім алушылардың атынан алғыс білдірді.

Таслима ТЕМІРБЕКҚЫЗЫ
04 наурыз 2024 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031