АУДАН СПОРТЫНЫҢ ХАЛІ ҚАЛАЙ?

Одан бөлек, бокстан жасөспірімдер арасында Ә.Шорабаев атындағы республикалық турнир, қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Бала би баба атындағы республикалық турнир ұйымдастырылған. Ал 27 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Шиелі ауданында ауыл спортшыларының ХХХVI облыстық «Алтын күз – 2023» спартакиадасы өтті. Спартакиадаға 7 ауданнан 1000-нан аса спортшылар қатысып, жалпы командалық есепте 1 орын жеңіп алды. Сонымен қатар Шиелі ауданының 95 жылдық мерейтойы мен «Алтын күз – 2023» мерекесіне арналған ат бәйгесі, қазақ күресі, гір көтеру, қол күресінен спорттық жарыстар өткізілгені естеріңізде болар. Қазіргі уақытта аудан спортшыларының белсенділігі жоғары. Қандай жарысқа барса да, құр қол қайтпайды. Мәселен, ауданда жыл басынан бері 3 спорт шебері, 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 41 спорт шеберіне үміткер, 38 І разрядты спортшы бар. Олар қазақ күресі мен ұлттық ат спорты, футбол, волейбол, ауыр атлет сынды көптеген спорт түрінен орын алып, көптеген жетістіктерге жетті. Әрине, бұндай жемісті жетістіктердің артында ауданның спорт саласы мамандары мен бапкерлер қауымының еселі еңбегі жатыр. Өздеріңізге белгілі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ауыл-аймақ пен аудан орталығында спорт кешендері бой көтерген. Жақында ғана Шиелі кентінде жаңадан спорт кешені пайдалануға беріліп, Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан спорт алаңы түбегейлі жаңарып, ел игілігіне қайтадан пайдалануға берілді. Бұның бәрі, түптеп келгенде, бұқаралық спорттың дамуына даңғыл жол ашады.
2023 жылы аудан спортшылары республикалық жарыстар мен чемпионаттарда 19 алтын, 11 күміс, 33 қола, Әлем біріншілігінде 1 алтын, 1 күміс, Азия біріншілігінен 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді. Шиелі ауданы «Алтын күз – 2023» облыстық спартакиадасында спорттың 16 түрін қамтыған бәсекеде І орынды еншіледі.
Мейіржан Ибрагимов