Қызылорда облысы тұрғындарының 27% жүйелі түрде спортпен шұғылданады
Өңірде бұқаралық спорт белсенді дамып, дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдар саны артып келеді, Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі хабарлайды. Бүгінгі таңда 211271 адам немесе аймақ халқының 27% денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Енді осы көрсеткішті 2030 жылы 30%-ке жеткізу міндеті тұр. Бұқаралық спортты одан әрі дамыту үшін бүгінгі таңда мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 120,5 млн теңге бөлініп, 138 елді мекенде 282 спорт нұсқаушы 41 мыңнан астам адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. Жыл басынан бері облыста 958 түрлі спорттық-көпшілік шаралары ұйымдастырылып, оларға 166 597 адам қатысты. Спорттық нысандардың саны жыл сайын артып келеді. Тек биылғы жылдың өзінде жаңа спорт кешендері өңірдің 7 елді мекенінде бой көтерді. Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион жанындағы қосалқы алаң қайта жаңғыртылып, негізгі аренаға жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атқарылған шаралар нәтижесінде мүгедектер спорты да дамып келеді. Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қызылорда қаласы мен аудандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спорт түрлерінен қолдау мақсатында 8 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Олардың аясында 24 бапкер 11 спорт түрінен үш жүзден астам мүгедектерді жаттықтырады. Аймақта тұрақты түрде спорттық резервтер дайындау жұмыстары жүруде. Олимпиадалық резервтік оқу орталығы, спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, облыстық жоғары спорт шеберлік мектебі, 21 жастар спорт мектебінде 35 спорт түрлерімен 18 мың жасөспірім шұғылданады
Источник: zakon.kz