Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақмола облысында жылқылар аштан қырылып жатыр

Ақмола облысында жылқылар аштан қырылып жатыр

Ақмола облысында тебінде жүрген жылқылар аштан өліп жатыр. Себебі қыста жауған жауыннан жер мұз болып қатып қалған.

Ақмола облысында жылқылар аштан қырылып жатыр

Қыста жаңбыр жауып жер беті тоң болып қатып қалған. Соның салдарынан Біржан сал ауданында бір үйірдегі 53 бас жылқы аштан өлген. Осындай жағдай өңірдегі барлық елдімекендерде қайталанып жатыр.
Биыл іш тастаған мал да көп. Ал Зеренді ауданындағы Бірлестік, Дөңгілағаш, Қоныспай ауылдарының төрт түлігі де шетінен құлап жатыр екен. Алайда аудан билігі аштан қырылып жатқан малға жем-шөп жеткізуге асығар емес дейді ашулы ауыл халқы. 
«Жылқылар құлап жатыр. Жағдай өте қиын болып тұр. Үкіметтен ешқандай шара жоқ. Барлық жылқышылардың жанайқайы бұл. Айғайы, Көмек сұраймыз!», деді жылқышы Темірбек Ғалымов
13 ақпан 2024 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930