Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арман тракторист Райымбек Сейтметов театрына басшы болып тағайындалды

Арман тракторист Райымбек Сейтметов театрына басшы болып тағайындалды

Kyzylorda-news.kz.  "Тракторист" әнімен танылған Арман Әлиев жаңа қызметке орналасты деп хабарлайды Казинформ.
Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының бұйрығымен Әлиев Арман Махмұтұлы Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрының директоры міндетін атқарушы болып тағайындалды. Жаңа қызметіне тағайындалған мекеме басшысын театр ұжымына облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысы Әзімхан Қойлыбаев таныстырды.
Әлиев Арман Махмұтұлы 1978 жылы 25 қарашада Қызылорда облысының Шиелі ауданы, Гигант аулында дүниеге келді.
1999 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Режиссура, актерлық өнер» мамандығы бойынша бітіріп, «театр ұжымының жетекшісі, менеджері және арнайы пәндердің оқытушысы» біліктілігін алды.
2013 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, «заңгер» біліктілігі алды.
Қазақ эстрада өнерінің танымал өкілі, эстрадалық әзіл әндер орындалған 2 ән жинағы жарық көрген. Бірнеше қазақ киносында рөлдер сомадаған актер, халықаралық деңгейдегі цирк өнері фестивальдарының қазылар алқасының тұрақты мүшесі.
Арман Әлиев көпшілікке «Тракторист» әнімен танымал. 2000 жылдары шыққан ән тыңдарман жүрегінен орын алған.
kyzylorda-news.kz
Фото: Kazinform
10 ақпан 2024 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9179)

20 ақпан 2024 ж.

№14 (9178)

17 ақпан 2024 ж.

№13 (9177)

13 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
26272829